«Семей» Жомарт Тоқаевпен қоштасты
Футзалдан су жаңа ел чемпионы «Семей» клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаевпен қоштасты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Жомарт барлығы үшін рахмет! 24 жастағы универсал ойыншымыз Жомарт Тоқаев «Семей» клубынан кетті. Біздің клубта ол 17 матчқа қатысып, 4 гол соқты. «Семей» футзал клубы Жомартқа алғыс айтып, алдағы карьерасына сәттілік тілейді», - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, 2023/24 жылғы маусымда «Семей» құрыла сала чемпион атанды. Финалда Алматының «Қайрат» клубын 4 матчтың үшеуінде ұтты. Бұған дейін 20 жыл қатарынан «Қайрат» топ жарған еді.