«Семей» клубы бразилиялық ойыншыны қатарына қосты
Семейліктер сапын 28 жастағы бразилиялық футзалшы Лукас Матеус толықтырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Формига» лақап атымен танымал Лукас Матеус «Семей» футзал клубымен келісімшартқа қол қойды.
Айта кетейік, осылайша семейліктер Латын Америкасынан бесінші ойыншыны қатарына қосып отыр.