«Шахтердің» футболшысы мансабын Өзбекстанда жалғастырады
Грузиялық ойыншы Темур Чогадзе «Шахтерден» кетіп, «Насафпен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Чогадзе қарағандылықтар сапында 2022 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетіп келді.
Жалпы, шабуылшы КПЛ-да 42 ойын өткізіп, 10 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.
«Насаф» – АФК Чемпиондар лигасының қатысушысы. Олар өткен маусымды екінші орында аяқтады.