logo

Шавкат Рахмоновтың үнсіз видеосы TikTok-та трендке айналды

Шавкат Рахмоновтың үнсіз видеосы TikTok-та трендке айналды

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық даңқты файтер Шавкат Рахмоновтың TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған видеосын миллиондаған адам көріп, мыңдағаны алаңдап пікір қалдырып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Небәрі 7 секундтық видеода Шавкат камераға үнсіз қарап тұрады. Ал, видео фонында күңіренген музыка. 

Аз уақыттың ішінде бұл ролик кең тарап, TikTok желісінде 277 мың лайк басылған. Сонымен қатар 2,5 млн-ға жуық қаралым жиналған.

«Шавкат бүкіл халық болып, уайымдап отырмыз», «Қысылмай айта бер», «Бірдеңе дегін келе ме?», «Жүрегіміз әлсіз, олай бірден шықпашы», «Қорқытпашы», - деген пікірлер бар. Сондай-ақ, Шавкаттың бұл әрекетін әлеуметтік желіде қайталағандар көп.



Күн шежіресі