logo

Жұмағұловты UFC-де ұтқан бразилиялық мансабын Alash Pride-та жалғастырады

Жұмағұловты UFC-де ұтқан бразилиялық мансабын Alash Pride-та жалғастырады

Alash Pride бразилиялық файтер Раулиан Пайвамен (22-5-1) келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Пайва ең алдымен UFC-дегі қазақстандықтарға қарсы өткізген жекпе-жектерімен танымал. Ол UFC-де Жақсы Жұмағұловтың алғашқы қарсыласы болып, төрешілердің шешіммен жеңіске жеткен. Кейін ол Сергей Морозовқа қарсы жекпе-жекте жеңілген.

Морозовпен болған жекпе-жек Пайва үшін UFC-дегі соңғысы болды.

«Мен әлемдегі үздік лигалардың біріне келісімшартқа отырдым және белбеуді алуға бел будым. Қазан айында кездескенше», - деп пікір білдірді бразилиялық спортшы.