logo

Сәтсіздік сериясын кім тоқтатады? «АЗ Алкмар» - «НАК Бреда» LIVE

Сәтсіздік сериясын кім тоқтатады? «АЗ Алкмар» - «НАК Бреда» LIVE

24 сәуір күні Алкмар қаласында Эредивизидің 30-туры аясында «АЗ Алкмар» мен «НАК Бреда» командалары арасында матч өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Қазіргі уақытта қос команда да оңай кезеңді бастан өткеріп жатқан жоқ. Алаң иелері соңғы жеті матч бойы жеңіске жете алмай жүр, ал қонақтар болса биылғы жылдың қаңтар айының ортасынан бері бірде-бір жеңіс көрген жоқ.

АЗ ойыншыларының көңіл-күйіне Нидерланды Кубогының финалы әсер етті, бұл ойында Алкмар командасы «Гоу Эхед Иглс» клубына пенальти сериясында жол берді.

Бірінші айналымда АЗ сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бұл кездесудің тікелей көрсетілімін Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан 21:45-те тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі