Шаршап қалдым: Елена Рыбакина жеңілісінің себебін түсіндірді
WTA-ның қорытынды турнирінде бақ сынап, топтан шыға алмай қалған қазақстандық Елена Рыбакина (#5) соңғы матчтағы жеңілісінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sport +.
Эр-Риядта өтіп жатқан турнирде отандасымыз қатарынан екі ойында жеңіліп қалды. Алдымен италиялық Ясмин Паолиниден (#4) ұтылса, кеше Қытай қызы Чжэн Циньвэньге (#6) жол берді, есеп – 6:7, 6:3, 1:6.
«Бүгінгі матч өте ұзаққа созылды. Менде бірінші сетте ұтатын мүмкіндік болды, егер тай-брейкте қателеспей өз мүмкіндігімді пайдаланғанда әрі қарай жеңіл болатын еді. Үшінші сетте мүлдем шаршап қалдым, өзімді нашар сезіндім. Бірақ, жалпы алғанда мен үшін жақсы жарыс болды», - деді Рыбакина WTA-ұйымдастырған сұхбатта.