Қазақстандық төрешілер үстел теннисінен халықаралық санат алды
Қазақстанның 13 үстел теннисі төрешісі Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) халықаралық дәрежесін алды, деп хабарлайды Sport+.
Аттестациядан өткен төрешілер: Айман Қапарова, Әділ Әбелдинов, Қуаныш Абдрахманов, Людмила Анисимова, Бақзада Байжан, Қарлығаш Ишкенбаева, Ши Пынчин, Дильназ және Гүлназ Жалалдин, Жақсыгүл Садықова, Бекзат Әубәкіров, Рашид Ғабиев, Саламат Қабидаев.
Мамандар семинарға қатысып, емтихандарды сәтті тапсырды.
Қазіргі уақытта Қазақстан үстел теннисі федерациясының тізімінде 30 халықаралық дәрежелі төреші бар.