logo

Елена Рыбакина WTA рейтингінде 5-орында қалды

Елена Рыбакина WTA рейтингінде 5-орында қалды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жекелей және жұптық разрядтағы рейтингтерінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: көш бастап тұрған Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко, екінші орында поляк теннисшісі Ига Швентек, ал үшінші орынды америкалық Кори Гауфф иеленуде.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте бесінші орынды сақтап қалды. Юлия Путинцева бір саты төмендеп, 29-орынға тұрақтады. Өткен апта соңында Рыбакина WTA Финалдық турнирінде төртінші орындағы италиялық Жасмин Паолиниге қарсы алғашқы ойынын өткізген болатын.

Жұптық разрядта бірінші орынды чехиялық Катержина Синякова иеленді, одан кейінгі орындарда Жаңа Зеландиядан Эрин Рутлифф және украиналық Людмила Киченок тұр.

Қазақстан атынан ең мықты жұптық ойыншы Анна Данилина 22-орында қалды. Путинцева 111-орынды сақтап қалса, Жібек Құламбаева тоғыз сатыға төмендеп, 150-орынға түсті.



Күн шежіресі