«Шанхай Порт» Чемпиондар лигасында сенсация жасауға дайын. «Шанхай Порт» - «Йокогама» матчының тікелей эфирі

«Шанхай Порт» және «Йокогама» ұлттық чемпионаттарын бастап, Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы өзара кездесуге дайындалуда.
Жапондықтар плей-офф кезеңіне жалпы топта бірінші орын алып шықты. Алайда, J лигасында олардың жағдайы жақсы емес — 4 турдан кейін Стив Холландтың командасы небәрі 3 ұпай жинап, жалғыз голды Андерсон Лопес соқты.
Ал Мускаттың шәкірттері Қытай Суперлигасын сәтті бастап, «Шэньчжэнь» және «Чанчунь» клубтарын жалпы 5:1 есебімен жеңді.
Топтық кезеңде «Йокогама» «Шанхайды» 2:0 есебімен ұтқан болатын. Дегенмен, жаңа кездесуге жапондықтар ең жақсы формада келе жатқан жоқ.
1/8 финалдық матч 4 наурыз күні 17:00–де өтеді. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.