«Әл Садд» БАӘ-ден тең нәтижемен оралды (видео)

Катарлық «Әл-Садд» АФК Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында БАӘ-ден «Әл-Васлға» қарсы өткен матчта тең нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.
Ойынның үшінші минутасында алаң иелері есеп ашты, голдың авторы — Али Салех. Қонақтар екінші таймда таразы басын теңестірді, бұл жолы Абдулла Әл-Язиди көзге түсті.
Сондай-ақ, «Эстегляль» мен «Әл-Наср» арасындағы матч та тең аяқталды (0:0). Қайтар матчтар бір аптадан кейін өтеді.