Дьекерештің дублі «Спортингке» жеңіс әкелді (видео)

«Спортинг» Португалия чемпионатының 24-турының соңғы матчында «Эшторилді» жеңіп, таза бірінші орынға қайта оралды, деп хабарлайды Sport+.
Ойын 3:1 есебімен аяқталды. Лиссабондықтар қатарынан Виктор Дьекереш дубль жасап, тағы бір голды Гонсалу Инасиу соқты. Қонақтардан жалғыз голдың авторы — Гонсалу Кошта.