logo

«Санкт-Галлен» мен «Тобыл» ойнында ирландиялық төрешілер басқарады

«Санкт-Галлен» мен «Тобыл» ойнында ирландиялық төрешілер басқарады
Роберт Харви басқаратын ирландиялық төрешілер тобы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Санкт-Галлен» (Швейцария) мен «Тобыл» арасындағы алғашқы матчты басқарады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Төреші: Роберт Харви;

Төрешінің көмекшілері: Роберт Кларк, Уэйн Макдоннелл;

Төртінші төреші: Пол Маклафлин (барлығы – Ирландия).

Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл» мен «Санкт-Галлен» арасындағы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы 25 шілде күні Швейцарияда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады.