Иван Миладинович: Бізге сәл ғана сәттілік жетпеді
«Тобыл» қорғаушысы Иван Миладинович Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында «Ружомберокпен» өткен үйдегі матчты талдады:
- Өкінішке орай, бірінші матчта үлкен айырмашылық орын алды. Бүгін біз үйде ойнадық, ойынды бақылауда ұстадық. Меніңше, қарсыластарға біздің қақпамызға қауіп төндіруге мүмкіндік бермедік. Біз өзіміз гол соқтық, екінші голымызды төреші жоққа шығарды. Мүмкін, бізге аздап сәттілік жетпей, өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмай, ары қарай өте алмадық. Оларда алғашқы ойында бәрі кірді, ал бүгін біздің доп бірнеше рет қақпа бағанасына тиді.
- Екінші голды есептемеуі жайлы шешіммен келісесіз бе?
- Бұл ойын эпизодын дұрыс көрген жоқпын. Әрине, алаңда мен бұл шешіммен келіспедім, бірақ біз не істей аламыз? Бұл төрешілердің шешімі.
- Алда Конференциялар лигасы және швейцариялық «Санкт-Галлен» күтуде. «Тоболдың» бұл қарсыласты өтуге шамасы жете ме?
- Әр ойынға соңғы матч ретінде қараймыз. Кез келген қарсыласты өте аламыз. Бізде күшті, сапалы команда бар, соңына дейін күресеміз.