logo

Цотне Мосиашвили: Бұл қиын ойын болды

Цотне Мосиашвили: Бұл қиын ойын болды

«Тобыл» жартылай қорғаушысы Цотне Мосиашвили Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында словакиялық «Ружомберокқа» қарсы өткен ойынды қорытындылады:

- Бұл өте қиын ойын болды. Бірінші матчтан кейін бізге үш гол соғу керек болды. Өкінішке орай, бірінші таймда екінші голды соға алмадық, сондықтан екінші тайм қиын болды. Менің сенімімше, біз бұдан да көпке қол жеткізе аламыз. Бірақ бұл тарих, ертең жаңа күн болады. Келесі ойында жеңеміз деп үміттенемін.

- Келесі қарсылас - швейцариялық «Санкт-Галлен». Бұл ойыннан не күтесіздер?

- Команданың өте мықты екенін білемін, бірақ олардың ойынын, тактикасын қадағалаған жоқпын. Бапкер талдау жүргізеді, содан кейін біз олармен қалай ойнау керектігін білеміз. 



Күн шежіресі