logo

Әлімжан Қалдияров: Біздің команданың әлеуеті Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуға жеткілікті

Әлімжан Қалдияров: Біздің команданың әлеуеті Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуға жеткілікті

«Тобыл» клубының тең иесі Әлімжан Қалдияров Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында «Ружомберокпен» өткен кездесудің қорытындысын шығарып, Конференция лигасындағы мүмкіндіктерді бағалады:

- Меніңше, бүгін бізде бәрі сәтті шықты, жеңіске жеттік, бірақ бірінші матчтағы голдар айырмашылығы бізге әрі қарай өтуге мүмкіндік бермеді. Еуропадағы жорығымыз аяқталған жоқ, алда Конференция лигасы бар. Команданың айқын прогресі қуантады, егер бірінші ойында біз бұрыштан төрт гол жіберсек, бүгін де біздің қақпамызға стандарттар болды, бірақ оларға төтеп бердік. Бапкерлер штабы керемет жұмыс істеп жатыр, команда үйлесімін тауып келеді, егер прогресс осылай жалғасса, маусымның барлық мақсаттары Конференция лигасында да, Қазақстан чемпионатында да орындалады деп сенемін.

- Сіздің ойыңызша, сәтсіз сәттердің себебі неде?

- Мен үлкен мәселелерді көрмеймін, уақыттың қысымы болды, бізге төрт гол соғу керек еді, бұл ойыншыларды уайымдатты. Бізде 20 рет соққы жасалды. Егер голдар айырмашылығы болмағанда, бұл ойынды сенімді аяқтайтын едік.

- Командадағы бас бапкер туралы әртүрлі қауесеттер бар, оны түсіндіре аласыз ба?

- Мен Нұрбол Жұмасқалиевты Қазақстандағы ең үздік бапкер деп санаймын. Ол орнатқан футболды, қателіктерді түзетуін, нәтижені көруіміз керек. Біздің ойынымыз тамаша, бақылау, үстемдік бар екеніне барлығы келіседі деп ойлаймын. Ойыншы ретінде жеткен биіктерге бапкер ретінде де жететініне сенемін.

- «Санкт-Галленмен» болатын кездесу мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?

- Меніңше, «Санкт-Галлен» «Ружомберокқа» қарағанда қиын қарсылас. Дегенмен, словактар бізден мықты емес деп ойлаймын, иә, бірінші ойында бұрыштамалар болды. Бірақ біздің команданың әлеуеті Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуға жеткілікті деп сенемін.