logo

Шаңғымен тұғырдан секіруден тарихи жүлде. Бас бапкер пікірін білдірді

Шаңғымен тұғырдан секіруден тарихи жүлде. Бас бапкер пікірін білдірді

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінде алтын медальға қол жеткізді. Құраманың бас бапкері Павел Васильев Olympic.kz сайтына өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Жеңістен кейінгі сезімдеріміз керемет! Әріптесім Қайрат Биекенов екеуміз команданы құруға ұзақ уақыт жұмсадық. Бұл расында ұзын жол еді. Егер қателеспесем, бұл сәтті және бұл нәтижені 25 жыл күттік. Жақында Илья Мизерныхтың жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарғанын көрдіңіздер. Енді, міне, Данил Васильев FIS кубогінде жеңіске жетіп отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Қайталап айтамын, көптен аңсаған жеңіс бұл. Қайрат екеуміз бапкер ретіндегі тұтас ғұмырымызы, спорттық мансабымызды осы салаға сарп еттік. 

Айтпақшы, біздерді «кішкентай елдер» деп те атайды. Бұл санатқа Қазақстан, Словакия мен Чехия кіреді. Мұндай атау неден шықты? Бізде Германия мен Словакия сияқты қаржылық мүмкіншіліктер жоқ. Жарысқа тек екі адам болып келдік. Екі жаттықтырушы, болды. Майлаушылар жоқ, медициналық топ жоқ, физиотерапевт, нутрициолог пен басқа да мамандарды айта көрмеңіз. Бұл мамандардың барлығы командаға үлкен көмек көрсетуші де, спортшыларды қалпына келтіріп, жарысқа жақсы дайындаушы еді. Өкінішке қарай, мұның бәрімен Қайрат екеуміз ғана айналысамыз.