Қазақстандық спортшылар фристайлдан Әлем Кубогы кезеңінде іріктеуден өтті
Алматыда фристайл-могул бойынша Әлем Кубогының кезеңі басталды. Турнир аясында іріктеу өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Іріктеуді Қазақстан командасының екі өкілі сәтті жеңді. Ең мықты 16-қа Юлия Галышева мен Анастасия Городко кірді.
Галышева келесі раундқа 12 орыннан, ал Городко тоғызыншыдан орыннан өтті.