Қазақстандық атлет фристайл-могулдан әлем кубогында күміс жүлде алды
Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Павел Колмаков Алматыда өтіп жатқан әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Отандасымыз жартылай финалда Колмаков финляндиялық Сивери Виерелладан басым түсті. Ал ақтық сында танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсберимен кездескен болатын.
Үлкен финалда Колмаков Кингсбериге есе жіберіп, өз жерімізде өткен әлемдік доданың күміс жүлдесіне иелік етті.
1/8 финалда Павел Колмаков швециялық Расмус Стегфелден басым түсті.
Ал, әйелдер арасындағы 1/8 финалда Анастасия Городко америкалық Джейлин Кауфқа есе жіберді. Юлия Галышева жарыс жолына шыққан жоқ.