Саят Абдрахманов: Екі қазақ UFC-де белбеу үшін төбелессе, мен мансабымды аяқтап, зейнетке шығамын
Белгілі қазақстандық ММА менеджері Саят Абдрахманов PROMMA PODCAST YouTube-арнасына берген сұхбатында қазақ пен қазақ бір-біріне қарсы төбелескенін қаламайтын жанкүйерлерге жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Екі қазақ UFC-де белбеу үшін төбелессе, бұл менің миссиям аяқталды деген сөз. Мен мансабымды аяқтап, зейнетке шығамын. Жақында қос ресейлік жауынгер Павлович пен Волков UFC-де жекпе-жекке шығып, Ресейді шулатты. «Бұл саясат», «әдейі екі орыс жауынгерін төбелестірді» деген сөздер айтылды. Қайдай саясат? Американдықтар американдықтарға қарсы төбелеседі, бразилдықтар бризилдықтармен төбелеседі... Осының арқасында UFC-де олардың саны көп. Иә, қазақ жауынгері мұны қолдамауы мүмкін, мүмкін оның ішкі дүниесі мұндай әрекеттерге қарсы, мен оны түсінер едім, бірақ жанкүйерлерді түсінбеймін. Егер UFC-де екі қазақ белбеу үшін төбелессе, бұл жекпе-жек бүкіл әлемге қызық дегенді білдіреді. Бұл отандық ММА-ның жаңа деңгейге шыққанының белгісі. Бұл біздің жауынгерлерді әлемдік деңгейде мойындады деген сөз. Осыған ұмтылу керек», - деді Абдрахманов.