Айына 7-8 миллион теңге жұмсаймын: Жалғас Жұмағұлов
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов (16-9) АҚШ-тағы өмірі мен шығындары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол UFC-ден екінші мүмкіндік аламын деген үмітпен АҚШ-қа кеткеніне екі айға жуық уақыт болды.
«Мен бірінші отбасыммен келдім. Қазір әйелім және бес баламмен біргеміз», - дейді Жалғас vesti.kz-ке берген сұхбатында.
Оның АҚШ-тағы күнделікті шығындар үшін ай сайын 8 миллион теңге жұмсайтыны белгілі болды.
«Мен айына 16-17 мың доллар жұмсаймын (7,5-8 миллион теңге). Мұнда пәтерді 6100-ге (2,89 миллион теңге) жалға алғанмын, бірден үш айға алдын ала 5 400 (2,56 миллион теңге) депозитті төледім. Және азық-түліктің өзіне қыруар ақша кетеді. Көлігімнің бары жақсы, 2021 жылы Денис досым Lexus RX 350 көлік сыйлаған, соны мініп жүрмін. Одан бөлек қолдап, көмектесіп жүрген ағаларым бар. Сондықтан бәрі жақсы», - дейді боксшы.
Айта кетейік, жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC-ден шығарылды.