Саят Абдрахманов: Умарды жеңген жағдайда, Бекзат Алмаханның сыйақысы бірнеше есе өсетін еді
Белгілі қазақстандық менеджер Саят Абдрахманов PROMMA PODCAST YouTube-арнасына берген сұхбатында жауынгер Бекзат Алмаханның UFC-мен қалай келісімшарт жазғанын еске алып, американдық ұйымның матчмейкерлері жекпе-жектен кейін Бекзатқа не айтқаны туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Мен UFC Умар Нурмагомедовке қарсылас іздеп жатқанын білдім, бірақ ұсынысты Бекзатқа тастайтынын күткен жоқпын. Бекзат өз келісімін сол бойда берді, бірақ оның бапкерлері Нұраддин және Дәнеш ағайды көндіру керек болды. Алайда Бекзат келісімін UFC-мен келісімшарт алу үшін емес, ал Умарды жеңемін деген ниетпен берді. Бірақ мен бұл жекпе-жек болады деп аяғына дейін сенбедім, себебі біз келісім берген жағдайда, Умар бұл жекпе-жектен бас тартуы мүмкін еді. UFC мұндай жекпе-жектерді ұйымдастыра алады. Нурмагомедов бұл жекпе-жектің мерзімін алдын ала білді, ал Бекзат қысқа уақыт ішінде шығуға келісімін берген болатын».
Жекпе-жектен кейін UFC матчмейкерлері Бекзатқа ырза болды.
«Жекпе-жектен кейін матчмейкерлер бізге келіп, рақметін айтып, «келесі жекпе-жек оңайырық болады» деп айтты».
Сонымен қатар белгілі менеджер Алмахан Нурмагомедовпен жекпе-жекке келіскен жағдайда UFC-ге қойылған арнайы шарттар туралы айтып берді.
«Бекзат Умарды жеңген жағдайда, оның UFC-мен келісімшарты сыйақы жағынан мүлдем басқа болатын еді. Ол өз салмағында ТОП-15 жауынгерлер қатарына кіретін еді. Бұл жағдайда Бекзаттың тәуекелге барғаны ақталатын еді. Бұл өте тамаша, себебі UFC-де 4-5 жекпе-жек өткізген жауынгерлер ТОП-15 қатарына кіре алмай жүр. Оларға тіпті Нурмагомедов сияқты қарсыластарды бермейді. Ал біздің шарттарды UFC қабылдады. Умарды жеңген жағдайда, Бекзаттың келісімшарты бірнеше есе өсетін еді», - деді С. Абдрахманов.