logo

Асу Алмабаев ресми UFC-дің топ-15 қатарына кірді

Асу Алмабаев ресми UFC-дің топ-15 қатарына кірді

Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев UFC лигасының ең жеңіл салмақтағы рейтингінің топ-15 қатарына қосылды. Ұйымның ресми сайтында жарияланған жаңартылған деректерге сәйкес, қазақстандық 15-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Асу Алмабаев 30 жаста. Оның рекорды 20 жеңіс және 3 жеңіліс. Алмабаев UFC-де 2023 жылы дебют жасап, содан бері қатарынан үш жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, өзінің соңғы жекпе-жегінде UFC Fight Night 15 турнирінде Асу төрешілердің бірауызды шешімімен америкалық Хосе Джонсонды жеңді.



Күн шежіресі