Саят Абдрахманов: Арман Ашимов жаман атаққа ие болып, менің де абыройымды түсірді
Белгілі қазақстандық ММА менеджері Саят Абдрахманов PROMMA PODCAST YouTube-арнасына берген сұхбатында жауынгер Арман Ашимовқа өкпесі туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Егер жауынгер Қазақстанда төбелесіп жүріп, салмақ жасай алмаса, онда оны шетелдік лигаларға қалай жіберемін? Менде нақты мысал бар – Арман Ашимов. Оны Rizin лигасына келісімшартқа отырғызу үшін өте ұзақ келіссөздер жүргіздік, бірақ ол сол жаққа барып, салмақ жасай алмады. Бұл барлық қазақстандық жауынгерлерге септігін тигізді. Біздер шетелде өзіміздің деңгейімізді көрсетуге ниеттіміз, ал мұндай әрекеттер бар еңбегімізді жоққа шығарады. Арман сол кезде төбелесіп, енді төрт ай бойы менің қоңырауыма жауап бермейді. Маған бере жақ комиссия туралы әңгіме қозғамаймын, бірақ мен оның бұрышында болған барлық көмекшілерге өз ақшама билет алып бердім. Мен оған ренжулімін, Арман өзі жаман атаққа ие болып, менің абыройымды түсірді және басқа қазақстандық жауынгерлерге бұл лигаға жол жапты», - деді С. Абдрахманов.