Кирилл Кекер: Жеңіліс үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын
«Қайрат» клубының бас бапкері Кирилл Кекер «Ақтөбеге» қарсы өткен ойынды (1:3) қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Бүгінгі ойынға келген барлық жанкүйерлерге рахмет айтқым келеді, бұл матч қазақстандық футбол үшін жақсы жарнама болды. Сонымен қатар, егер біз жеңіске жетпесек, демек бірдеңе дұрыс емес жасап жатырмыз дегенді білдіреді. Жеңіліс үшін жауапкершілігін толығымен өз мойныма аламын».
Сонымен қатар, бапкер ойын кезіндегі төрешілік қателіктер жөнінде сұраққа жауап берді:
«Төреші осы эпизодты осылай бағалады, сондықтан бұл сәттерді бағалаутын тиісті органдар бар және олар, мүмкін, бірдеңе айтар».