logo

Сағи Совет: Жанкүйерлеріміз бізді мақтан тұтатындай ойын өрнегін көрсетуге дайынбыз

Сағи Совет: Жанкүйерлеріміз бізді мақтан тұтатындай ойын өрнегін көрсетуге дайынбыз

«Жеңіс» қорғаушысы Сағи Совет «Тобылмен» өтетін ойын қарсаңында Sport+ арнасына берген сұхбатында команда дайындығы, алғашқы тур және «Қайсармен» тең ойын, сондай-ақ «Астана Аренаға» оралуды күткені туралы айтты.

— Дайындық жақсы өтті, команда толық күшінде жұмыс істеді, физикалық жағдайымыз бен командалық үйлесімділікті жақсарттық. Біз бірнеше жолдастық кездесу өткіздік, олар тактикалық және техникалық әрекеттерімізді бағалауға көмектесті. Әлі де жұмыс істеу қажет нәрселер бар, бірақ жалпы алғанда команда маусымға дайын. Барлық ойыншылар жақсы жағдайда.

— Бірінші турда команда Қызылордада «Қайсармен» тең ойын өткізді. Ауа райы нәтижеге қалай әсер етті?

— Қызылордада ойнау қиын болды. Ауа райы жағдайлары қиындық туғызды, қар астында ойнау әрқашан ауыр, ойыншылар үшін де, тактикалық идеяларды жүзеге асыру үшін де, осындай сәттерде рухани ерік-жігер керек болды. Оңтайлы сәттер де болды. Өкінішке қарай, гол соға алмадық. Бірақ бұл ешқандай сылтау емес, біз ауа райына қарамастан жылдам бейімделіп, күшті тұстарымызды тиімді пайдалануға тиіс едік.

— Команда бір жылдан кейін үйге оралады. «Тобылға» қарсы алғашқы өз алаңындағы ойын алдында қандай сезімдесіз?

— Барлығы «Астана Аренаға» оралатынымызға қуанышты. Біз осы сәтті асыға күттік және әрине бұл бізге қосымша мотивация береді. Өз жанкүйерлеріміздің алдында ойнау әрдайым ерекше сезім сыйлайды, трибуна қолдауы бізге күш береді деп сенеміз. Біз бар күшімізді салып, жанкүйерлеріміз бізді мақтан тұтатындай ойын өрнегін көрсетуге дайынбыз.

8 наурызда өтетін «Жеңіс» — «Тобыл» ойынын Sport+ арнасы тікелей эфирде көрсетеді.