Хусанов — ақпан айында «Манчестер Сити» клубының үздік ойыншысы (видео)

Өзбек қорғаушысы Абдукадир Хусанов «Манчестер Сити» клубының ақпан айындағы үздік ойыншысын анықтау үшін ресми сайтта өткен дауыс беруде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Ақпан айында Хусанов «Сити» сапындағы алғашқы голын Англия кубогы аясында «Лейтон Ориентке» соқты. Сондай-ақ, ол Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы толық матч өткізіп, Премьер-лигада үш кездесуге қатысты, олардың екеуінде командасы қақпасына гол жібермеді.