logo

Қазақстан кубогының жеребесі Sport+ телеарнасының эфирінде

Қазақстан кубогының жеребесі Sport+ телеарнасының эфирінде

6 наурыз күні Астанада Sport+ телеарнасының студиясында Қазақстан кубогының жеребесі өтеді.  

Алдын ала кезеңге екінші және бірінші лига клубтары қатысады, ал кейіннен оларға Премьер-лига клубтары қосылады.  

Жеребе тарту рәсімі сағат 14:00–де басталады.  

Тікелей эфирде трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасында көрсетіледі.