logo

Сада Тиуб «Елімай» футбол клубының ойыншысы атанды

Сада Тиуб «Елімай» футбол клубының ойыншысы атанды

28-жасар жартылай қорғаушы өз мансабын франциялық «Кан» және «Ницца» футбол клубтарында бастаған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Сада клубтық деңгейде «Генгам», «Бастия», «Ним» және «Сент-Этьен» командаларында өнер көрсетті.

Ол Францияның «1-Лига» Біріншілігінде 135 ойынға қатысып, 6 гол және 11 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, футболшының «2-Лигада» 61 матчта 8 гол мен 5 нәтижелі пас көрсеткіші бар.

Тәжірибелі ойыншы Сенегал ұлттық құрамасы сапында 7 ойын өткізді. Сада бұған дейін франциялық «Анже» клубының намысын қорғады.