«Елімай» «Мақтааралдың» ойыншысымен толықты
«Елімай» футбол клубы Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Жан-Али Пайрузбен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Қарағанды футболының түлегі.
Мансабында ол «Шахтер», «Шахтер-Болат», «Каспий» және «Мақтаарал» клубтарында ойнады
Клуб деңгейінде ол 120 ойында 11 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.