logo

«Елімай» Франция жоғарғы лигасының шабуылшысын қатарына қосты

«Елімай» Франция жоғарғы лигасының шабуылшысын қатарына қосты

Сенегалдық шабуылшы Сада Тиуб семейлік «Елімайдың» футболшысы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

28-жасар ойыншының соңғы жұмыс орны франциялық «Анже» клубы болды. Аталмыш клубтың сапынан Тиуб 2023 жылдың жазында кеткен болатын. Содан бері ойыншы еркін агент мәртебесінде командасыз болды.

«Анжеден» басқа, Тиуб «Сент-Этьен», «Ним Олимпик» және «Бастия» командаларының намысын қорғады. Тиуб Францияның жоғарғы лигасында 135 матч өткізіп, 6 гол соқты және 11 нәтижелі пастың авторы атанды.

Футболшы Сенегал ұлттық құрамасы сапында 7 матчы өткізді.