logo

Рыбакина Иванишевичпен келісімшарты туралы: жұмыстың басында әрқашан сынақ кезеңі болады

Рыбакина Иванишевичпен келісімшарты туралы: жұмыстың басында әрқашан сынақ кезеңі болады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жаңа бапкері Горан Иванишевичпен келісімшарты туралы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Sport+.

— Бұған дейін БАҚ-та Горанмен келісімшарт қысқа мерзімді деп жазылған еді. Осыны нақтылап бере аласыз ба?

— Мен не жазылып жатқанын білмеймін. Барлық жаңалықтарды бақылап отыра бермеймін. Бірақ шын мәнінде, жұмысты бастаған кезде белгілі бір сынақ кезеңі болады, себебі сен адамды әлі танымайсың. Әрбір келісімшартта бұл – жаңа бапкермен жұмысты бастау кезіндегі әдеттегі жүйе.

Еске салайық, Елена Рыбакина Горан Иванишевичпен серіктестігін қараша айында жариялады. Алайда, қаңтар айының басында командасына бұрынғы бапкері Стефано Вуковты қайта қосу туралы шешім қабылдады.