Аружан Сағандықова Тунистегі турнирдің жартылай финалына шықты
20 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Тунистегі ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Мария Головинамен жұптасқан Аружан Лая Петретичті-Нина Радованович француздық жұбын 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Мария мен Аружан Мадельеф Хагеман (Нидерланды) — Андрей Пришакариу (Румыния) жұбымен бақ сынайды.
Жеке сында Аружан турнирде ширек финалға жетіп, словениялық Зива Фолкнерді, содан кейін жұптағы серіктесі Мария Головинадан басым болды. Жартылай финалда қазақстандық теннисші неміс Лаура Шмидтпен кездеседі.