Сандуғаш Кенжебаева Антальяда өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева Түркия өкілі Илай Йорукпен жұптасып ITF сериясының w15 санатындағы турнирінің екі разрядта жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Финалдық матчта 19 жастағы Кенжебаева мен 23 жастағы Йорук германиялық Мина Ходжич пен швейцариялық Мари Меттроны жеңді - есеп 6:4, 5:7, 10:8.
Бұл ITF аясында Сандуғаштың үшінші жұптық атағы. 2024 жылдан бастап Кенжебаева қазақстандық жас бапкер Артур Хайрутдиновтың басшылығымен жаттығады.
Тағы бір қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова ресейлік Мария Головинамен жұптасып, ITF турнирінің финалында Тунистің Монастирі қаласында словениялық Зива Фалькнер мен сербиялық Рене Милованович жұбына 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.