Елена Рыбакина: Australian Open 2024 турнирінен кейін ұйқысыздық болды

Әлемнің алтыншы ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылы ұйқысыздықтан зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды Sport+.
«Мен үшін сол жыл өте қиын өтті. Мельбурннен оралғаннан кейін ұйқысыздық басталды және ұзақ уақыт бойы жалғасты. Әрине, бұл оңай болмады. Ұйқысыздық пайда болғанда, бүкіл иммундық жүйем нашарлай бастады. Соған қарамастан, жаттығуды жалғастыра бердім.
Мүмкін, мен үзіліс жасағаным дұрыс болар еді. Соңғы бес-алты жыл бойы үздіксіз ойнап келемін. Тіпті маусымаралық кезеңде бізге бір-екі апта ғана демалыс беріледі. Уимблдон кезінде де қиындықтар болды. Барлығы аяқталған соң, төрт күннен кейін қайтадан ауырып қалдым», — дейді Рыбакина Tennis World USA порталына берген сұхбатында.