Роналдо бразилиялық «Крузейро» клубын сатты
Роналдо 109 миллион еуроға бразилиялық «Крузейро» клубын сатты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол «Крузейроны» 2021 жылы желтоқсанда 73 миллион еуроға сатып алып, клубтың 182,5 миллион еуро қарызын мойнына алған.
Роналдо өзінің туған клубын банкроттықтан құтқарды - оның басшылығымен команда жоғарғы дивизионға оралды.
Сонымен қатар, жақын арада Роналдо 2018 жылы иесі атанған «Вальядолидты» сатқысы келеді.