Ризабек Айтмұхан UWW нұсқасы бойынша айдың үздік балуаны атанды
Халықаралық күрес федерациясы — United World Wrestling еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша айдың үздік балуандарын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Еркін күресте қазақстандық Ризабек Айтмұхан айдың үздік балуаны деп танылды.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Айтмұхан 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.