logo

Ризабек Айтмұхан: Шавкат Рахмоновқа тейкдаун жасауға көмектесетін күрес әдістерін көрсеттім

Ризабек Айтмұхан: Шавкат Рахмоновқа тейкдаун жасауға көмектесетін күрес әдістерін көрсеттім

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан NAIZA лигасында қонақта болып, UFC лигасының қазақстандық жауынгерлері Шавкат Рахмонов пен Азат Мақсұмға күрестен берген кеңестері туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

- Naiza лигасынның аясында өткіп жатқан жарысқа бірінші рет келіп отырмын. Жауынгерлердің күресі өзіме ұнады. Қазір көптеген файтерлер күрес жағынан қосты. Шавкат Рахмоновпен күрескен кезінде тордың қасында қалай күресу керек екенін айта алмайдым, себебі біздер басқа алаңда күресеміз. Бірақ Шавкат ағамызға әр түрлі күрес әдістерімен тейкдаун жасау оңай болады деген кеңестер бердім. Алланың қалауымен Шавкат ағамыз елімізге UFC белбеуін әкелсін деп тілеймін. Сонымен қатар сәуір айында еліміздің еркін күрес шеберлері Азия ойындарына лицензиялық жарыстарға дайындалған кезінде, бізбен бірге жиынды UFC-дің отандық тағы бір жауынгер Азат Мақсұм өткен болатын. Азат менің досым, оған да алдағы жекпе-жектерде сәттілік тілеймін, - деді Айтмұхан.