logo

Ризабек Айтмұхан: Күміс қолда, алтын жолда

Ризабек Айтмұхан: Күміс қолда, алтын жолда

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуаны Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз жарыстан кейін берген сұқбатында қарсыластары жайлы айтты.

«Күміс қолда, алтын жолда демекші, жеңісіме қуаныштымын. Қарсыластарымның ешқайсысы осал емес. Жалпы төрт белдесудің үшеуінде Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарымен күрестім. Осындай жетістікке жеткеніме қуаныштымын. 

Алтын медаль алғым келді. Бірақ алда әлі талай мәрте қазақ елін, отбасымды және жанкүйерлерді қуантамын деген үміттемін. 

Финалда қарсыласым басымдық танытты. Оған қоса бір-екі күн бұрын сырқаттанып қалған едім, бірақ оны сылтау еткім келмейді. Соған қарамастан бар күш-жігерімді салдым. Алдағы уақытта кеткен есемді қайтарамын.

Бүгін бұған дейін өзім жол берген Ахмед Тажудинов, Магомедхан Магомедовтан қарымта қайтардым», — деді Ризабек Айтмұхан.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында ирандық Амир Али Азарпираға жол берді.