Ресми: Марио Рабиу – «Ақтөбе» ойыншысы

«Ақтөбе» клубы 25 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиуменкелісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Марио Рабиу бұған дейін Италияның «Гроссето» және «Модена» клубтарында, ал 2023 жылдан бастап Албанияның «Скендербеу» командасында ойнаған.
Жаңа маусымда ол «Ақтөбе» сапында 66-нөмірмен өнер көрсетеді.