«Атырау» алматылық «Қайрат» түлегімен толықты

«Атырау» клубы 21 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Роман Чирковпенкелісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
«Қайрат» академиясының түлегі саналатын Чирков орталық жартылай қорғаушыпозициясында ойнайды. Соңғы екі маусымды «Ақжайық» сапында өткізген.
Бұған дейін ол Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырту алған.