«Қайрат» Александр Широбоковпен келісімшартты ұзартты

«Қайрат» клубы қазақстандық қорғаушы Александр Широбоковпен жаңа келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Жаңа келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды.
Широбоков 2021 жылдан бастап «Қайраттың» негізгі құрамында өнер көрсетуде. Осы уақыт ішінде ол 26 матчқа қатысып, 1 гол және 1 нәтижелі пас берген.
2024 маусымында Широбоков Беларусьтің «Славия Мозырь» клубында жалда ойнап, 15 кездесуде 1 гол соқты.