Қарағандыда «Шахтер» директорлар кеңесінің отырысы өтті

Қарағандының «Шахтер» футбол клубының директорлар кеңесі жаңартылған құрамда алғашқы бетпе-бет отырысын өткізді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кездесу барысында клубтың дамуы мен позициясын нығайтуға бағытталған негізгі стратегиялық мәселелер қаралды. Басқару тиімділігін арттыру және клуб қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында директорлар кеңесінің отырыстары тұрақты түрде өткізіліп отырады», – деп мәлімдеді «кеншілер» клубының баспасөз қызметі.