Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы «Ордабасы» сапынан кетті
«Ордабасы» қақпашы Мұхамеджан Сейсеннің клубтан кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шымкенттік клуб сапында қақпашы бір ғана маусым өткізіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Сейсен кәсіби мансабын «Таразда» бастады және мансабының көп бөлігін осы клубта өткізді.
Қазақстан құрамасы сапында бір матч өткізіп, үш допты жіберіп алды.