Ренан Барао Alash Pride турниріндегі жекпе-жек алдында қазақстандықтарға үндеу жолдады

Аралас жекпе-жектен бразилиялық файтер, UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы Ренан Барао Alash Pride FC 108 турнирі аясында Арман Оспановқа қарсы жекпе-жек алдында қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Sport+.
«Сәлем, достар!
Мен — Ренан Барао, және 27 мамыр күні Қазақстанда өтетін Alash Pride турнирінде октагонға шығамын. Мен жекпе-жек өткізуге және бүкіл қазақстандық көрерменге шоу жасауға келемін!
Жекпе-жек қызықты өтеді — өткізіп алмаңыздар!», — деді Барао өзінің әлеуметтік желілерінде.