Саламат Исбулаевтың Alash Pride FC 108 турнирінде қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев Alash Pride FC 108 турнирі аясында кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Қазақ спортшысының қарсыласы — бразилиялық файтер Франсишку Де Лима Масил (17-10-1).
«Исбулаев — жеңіліп көрмеген үміткер (8-0), 100% фиништер, найзағай жылдам сабмишндер мен жойқын нокауттар.
Де Лима Масил — Бразилиядан шыққан тәжірибелі спортшы (17-10-1), ACA ардагері, төзімділігі мен күрес шеберлігімен танымал», — делінген лига мәлімдемесінде.