Айдар Махметов Сағын – Жұбаныш жекпе-жегі туралы: Бұл көрермен үшін NAIZA ұйымдастырған кезекті блокбастер болады

ММА әлемінің сарапшысы, жақында грэпплингтен әлем чемпионы атанған Айдар Махметов Қарағандыда өтетін NAIZA лигасының турниріндегі басты жекпе-жек — Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш арасындағы кездесу туралы Sport+ арнасына арнайы пікірімен бөлісті:
«Алдағы Багдат пен Қазбек арасындағы реваншты көрермен үшін NAIZA ұйымдастырып отырған кезекті блокбастер деп санаймын. Бірінші жекпе-жек бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді, өкінішке қарай, елді екі лагерьге бөлді. Бірақ бұл әрдайым осылай болады, егер қарсыластар жоғары деңгейдегі әмбебап спортшылар, еңбек сіңірген спорт шеберлері болса. Алғашқы жекпе-жек өте тартысты, әсерлі, техникалық жағынан бай және көркем болды. ММА-ны шын бағалайтын, нағыз жанкүйерлер үшін бұл өткізіп алуға болмайтын шынайы шоу болды деп ойлаймын. Жанкүйер ретінде реваншты көретінімізге өте қуаныштымын. Олар аса танымал емес салмақта өнер көрсетіп жатқанына қарамастан, бүкіл Қазақстан мен Орталық Азия бұл жекпе-жекті жіті бақылайтын болады. Кімге басымдық берерімді білмеймін, маған екеуі де ұнайды. Екі спортшы да жоғары шеберлік пен жас спортшыларға үлгі боларлық деңгей көрсетіп жүр. Мен жарқын жекпе-жек үшін жанкүйермін, кім жеңсе де. Қарағандыда трибуналар лық толы болады деп ойлаймын, бұл жекпе-жек кештің көркіне айналатыны сөзсіз».
Турнир 30 мамырда Қарағандыда өтеді. Кешті тікелей эфирде Sport+ арнасы көрсетеді.