logo

Рахмоновтың UFC чемпионы атағы үшін жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Рахмоновтың UFC чемпионы атағы үшін жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммад (#5 - P4P рейтингі I UFC-де 15-3-1NC) пен Шавкат Рахмонов (#3 - жартылай орта салмақта I UFC-де 6-0) 7-8 желтоқсанда T-Mobile Arena-да (Лас-Вегас) өтетін  UFC310 турнирінде күш сынасуы мүмкін. Бұл туралы спортшының менеджері Али Абдель-Азиз айтты.

«Белал желтоқсанда жекпе-жекке дайын. Мәселе жоқ. Біз дайынбыз, бірақ UFC хабарландыру жасауы керек. Мен сіздің подкастыңызда жекпе-жекті жариялай алмаймын. Желтоқсанда Белалды міндетті түрде көресіз. Қайда, қашан, кімге қарсы - бұл Дана Уайтқа қойылатын сұрақ. Ол Шавкат болуы мүмкін (Рахмонов). Немесе Усман (Камару) болуы мүмкін. Немесе UFC қалаған өзге қарсылас болуы мүмкін. Чемпион болсаң, кімді берсе де титулды қорғауың керек. Кіммен болғаны маңызды емес», - деді Абдель-Азиз MMA Fighting-ке берген сұхбатында.

Мухаммед 27 шілдеде британиялық Леон Эдвардсты жеңіп, жартылай орта салмақтағы жаңа чемпион атанды.

Ал Рахмонов кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанында өткізді, онда екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды жеңді.