logo

Көп сөйлеудің қажеті жоқ: Шавкат Рахмонов

Көп сөйлеудің қажеті жоқ: Шавкат Рахмонов

UFC-дегі белді қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов оқырмандарын қызықтыратын басты сауалдардың біріне жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде аралас жекпе-жек шеберінен жанкүйерінің бірі «Белал Мухаммадты күрестен ұта аласың ба?» деп сұраған. Шавкат кез келген айқасқа дайын екенін аңғартты.

«Белал жақсы күреседі. Көреміз. Шыны керек, біз бәріне бірдей дайындаламыз. Белал оңай қарсылас емес, мықты чемпион. Қолымыздан не келетінін көрсетеміз. Көп сөйлеудің қажеті жоқ. Шамамыз жеткенін көрсетеміз», - деді Шавкат.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды. «Шавкат, жақында көрісеміз» деп жазба қалдырды ол әлеуметтік желіде. Ал содан бірер сағат бұрын Шавкат жаттығу лагерінде келесі айқасқа даярлықты бастағанын алға тартқан болатын.

Қазір жанкүйер біткеннің бәрі Дана Уайттың Рахмонов пен Белал айқасын қашан жариялайтынын асыға күтіп жүр



Күн шежіресі