Рамазан Оразов ойнайтын «Силькеборг» жолдастық матчта Дания чемпионынан жеңілді

Даниялық «Силькеборг» жолдастық матчта «Копенгагенге» 0:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов екінші таймда алаңға шықты.
Дания чемпионатының турнирлік кестесінде «Силькеборг» 26 ұпаймен алтыншы орында тұр, ал «Копенгаген» 33 ұпай жинап, көш бастап келеді.